Біз туралы

«Аккредиттеудің тәуелсіз қазақстандық орталығы» коммерциялық емес мекемесі 2016 жылдың 26 желтоқсанында «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ (әрі қарай – «РҒӘО» АҚ) базасында құрылды.
«РҒӘО» АҚ 2005 жылы сертификаттаудың әлемдік озық тәжірибелерін есепке ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.04.2005 жылғы № 405 қаулысымен «Республикалық біліктілікті растау және беру орталығы» РМКК құрылды.
«РҒӘО» АҚ ТжКБ ұйымдары бітірушілерінің кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беруді іске асыратын аккредиттелген орган болып табылады.
«РҒӘО» АҚ «Аккредиттеудің тәуелсіз қазақстандық орталығы» коммерциялық емес мекемесінің (әрі қарай – Орталық) құрылтайшысы болып табылады.
Орталық институционалдық, мамандандырылған аккредиттеу рәсімдерін өткізу және рейтингтік зерттеулер арқылы ұлттық және халықаралық деңгейде Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін беймемлекеттік коммерциялық емес ұйымдық-құқықтық формада құрылған, заңды тұлға мәртебесін иеленген ұйым болып табылады. Орталық үкіметтік емес бейкоммерциялық мекеме, өзінің қызметінде пайда табуды басты мақсат ретінде қарамайды және алынған таза табысты қатысушылар арасында бөлінбейді.