Аккредиттеу рәсімі

  • Мамандандырылған аккредиттеу өткізу үшін ТжКБ оқу орны аккредиттеу органына мынадай құжаттарды тапсырады:

– аккредиттеу органы белгілеген нысан бойынша өтініш;
– білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген мемлекеттік лицензия және лицензия қосымшаларының көшірмелері;
– ТжКБ оқу орны қызметінің қысқаша сипаттамасы.

  • Аккредиттеу органы өтінішті және ұсынылған құжаттарды қарауы және мамандандырылған аккредиттеу процедурасының басталуы туралы шешім қабылдау, аккредиттеу органы және ТжКБ ұйымы арасында шарт жасау қарастырылады. Аккредиттеу өткізу мерзімдері, шарттары және процедуралары ТжКБ ұйымы және аккредиттеу органы арасындағы шартпен айқындалады және аккредиттеу органымен бекітіледі
  • Тараптар шартқа қол қойғаннан кейін аккредиттеу органы ТжКБ оқу орнына мамандандырылған аккредиттеу критерийлері мен процедураларын түсіндіру және ТжКБ оқу орнының персоналын ББ өзін-өзі бағалау өткізу теориясын, әдістемесі мен технологиясын оқытуды жүргізу үшін өзінің өкілін жібереді.
  • Аккредиттеу органы өтініш берушіге бекітілген аккредиттеу стандарттарына сәйкес аккредиттеу жөніндегі орган белгілеген білім беру бағдарламасын өзін-өзі бағалау басшылығын ұсынады.
  • Өтініш беруші өзін-өзі бағалайды және Аккредиттеу органына есеп жібереді. Бағалау жөніндегі есепті (мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде) электронды нұсқада (doc және pdf форматы) және әр тіл бойынша қағаз тасымалдаушыда 7 данамен Аккредиттеу органына жібереді.
  • Өзін-өзі бағалау жөніндегі есеп аккредиттеу органына ББ сараптамасына дейін 45 күн бұрын ұсынылады.
  • Есептегі деректер аккредиттеу стандарттарына сәйкес келмеген жағдайда, Аккредиттеу органының ТжКБ ұйымының өзін-өзі бағалау жөніндегі есебін жөндеуге қайтаруға, сараптаманы ұйымдастыру және өткізуден бас тартуға құқығы бар. Өзін-өзі бағалау туралы есепті жөндеу қажеттілігі туралы шешім шығарылған жағдайда, ТжКБ оқу орны хабарлама алғаннан күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде аккредиттеу органына өзін-өзі бағалау жөніндегі жөнделген есепті ұсынуы тиіс.
  • Білім беру бағдарламасын іске асыру деңгейі мен сапасының аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін сараптауды сараптау комиссиясы ТжКБ ұйымына барып өткізеді және сыртқы сараптау бойынша қорытынды дайындайды.
  • Сараптау комиссиясының қорытындысы ТжКБ оқу орнына ол аяқталғаннан кейін үш аптадан кешіктірмей жіберіледі. Оқу орны есепті алғаннан кейінгі екі аптаның ішінде есеп бойынша өз ескертулерін (тек техникалық және фактілік дәлсіздіктер болған жағдайда) жібере алады.
  • Сыртқы сараптама өткізу үшін аккредиттеу органы академиялық дәрежесі (ғылыми дәреже және ғылыми атақ) және ТжКБ ұйымдарында кемінде 7 жыл жұмыс тәжірибесі бар, арнайы дайындықтан және сертификаттаудан өткен сарапшылар қатарынан сараптау комиссиясын құрады.
  • Сараптау комиссиясы ББ бағалау бойынша білікті мамандар болып табылатын 5-7 сарапшыдан, о.і. шетелдік мамандардан, сондай-ақ мамандарды даярлау бейіні бойынша жұмыс берушілер қауымдастықтарының өкілдерінен және студент жастар өкілдерінен тұрады. Егер білім беру ұйымында Аккредиттеуден даярлық/мамандықтардың бағыттарына қарай бірнеше бағдарлама өткізіледі, әрбір бағдарлама бойынша сараптау комиссиялары немесе/ бір бейіннің бірнеше бағдарламаларын бағалауға арналған комиссия/комиссиялар құрылуы мүмкін.
  • Комиссияның дербес құрамы ТжКБ оқу орнымен келісіледі. Оқу орны ұсынылған сарапшылардың кандидатураларынан (бірақ 2-ден артық емес) бас тартуына құқығы бар.
  • Сарапшы жұмысының негізгі принциптері адалдық, жауапкершілік, адал ниеттілік, объективтілік, ұсынылған құжаттармен жұмыс жасауда құпиялылықты сақтау болып табылады.
  • Әрбір сарапшы сараптамаға қатысу туралы және сараптама өткізілетін білім беру ұйымымен азаматтық-құқықтық және еңбек қатынастарының болмауы туралы шартқа қол қояды.
  • Сарапшы бағалардың, шешімдердің объективтілігі және нақтылығы, сараптама өткізу және сыртқы сараптама бойынша қорытындыға арналған материалдар ұсыну уақытылығы үшін дербес жауапты.
  • Сарапшы аккредиттеу процесінде білім беру бағдарламасын аккредиттеуге қатысы бар қажетті қосымша материалдарды, құжаттарды, мәліметтерді сұратуға және алуға, білім беру бағдарламасын бағалау жөнінде өз пікірін айтуға және негіздеуге, Сыртқы сараптау жөніндегі қорытындыны талдауға қатысуға құқылы.
  • Сараптау комиссиясының жұмысын комиссия төрағасы ұйымдастырады. Сараптау комиссиясының төрағасы сараптау комиссиясының жұмыс мерзімдері мен бағдарламасын аккредиттеу органы және ТжКБ ұйымымен келіседі, сараптау бағдарламасының орындалуы және сыртқы сараптама қорытындысын дайындау үшін жауапты болады.
  • Сараптау комиссиясы ТжКБ ұйымында 3-4 күн бойы жұмыс істейді. ТжКБ оқу орны ұсынған өзін-өзі бағалау нәтижелерінің жан-жақты талдамасы, алқалық сараптамалық бағалау материалдарының негізінде комиссия ББ сараптау нәтижелері бойынша қорытындының жобасын дайындайды.
  • Сыртқы сараптау жөніндегі қорытындыға комиссия төрағасы және мүшелері қол қояды және аккредиттеу органы мен ТжКБ ұйымына ұсынылады.
  • Сараптау комиссиясы қорытындысының негізінде аккредиттеу органы ұсынылған ақпаратқа талдау жүргізеді және ББ аккредиттеу жөнінде шешім қабылдау үшін материалдарды дайындайды.
  • ББ аккредиттеу жөніндегі шешімді алқалық орган – аккредиттеу кеңесі қабылдайды және хаттамамен рәсімделеді.
  • Аккредиттеу жөніндегі оң шешімнің негізінде білім беру ұйымы мамандандырылған аккредиттеу туралы сертификат алады. Аккредиттеу жөніндегі шешім Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Ұлттық тізілімге енгізу үшін жіберіледі және аккредиттеу органының веб-сайтында орналастырылады.