Аккредиттеу

Институционалдық және мамандандырылған/бағдарламалық аккредиттеу рәсімдерін Орталық еуропалық және халықаралық стандарттарға сәйкес әзірледі, олар мынадай кезеңдерді қамтиды:


1-ші кезең. 

- білім беру ұйымының Орталыққа аккредиттеуге өтінімді білім беру ұйымы қызметінің қысқаша сипаттамасымен ұсынуы;

- Орталық пен білім беру ұйымы арасында аккредиттеуді өткізу туралы Шарт жасасу. Шартта тараптардың құқықтары мен міндеттері, рәсімдердің құны, аккредиттеуді өткізу мерзімдері көрсетіледі;

- білім беру ұйымының өзін-өзі бағалау процесін жүргізуі, АТҚО айқындаған стандарттар мен критерийлерге сәйкес өзін-өзі бағалау туралы есеп жасау;

- өзін-өзі бағалау туралы есептің бірінші нұсқасын ұсыну және оны сараптау;

- Орталыққа өзін-өзі бағалау туралы түпкілікті есепті және оның қосымшаларын ұсыну.

Аккредиттеуге дайындық кезінде Орталық Шартқа сәйкес Басқарушы комитет пен жұмыс топтары үшін өзін-өзі бағалау туралы есепті дайындау және аккредиттеу рәсімін жүргізу жөніндегі оқыту семинарларын өткізеді.

 

2-ші кезең. 

- Сыртқы сарапшылар тобының жұмыс бағдарламасы Орталық бекіткен стандарттар мен сыртқы бағалау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жасалады;

- Орталық сыртқы сарапшылардың құзыретті тобын құрады, оның құрамына Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының академиялық қызметкерлерінің өкілдері (ұлттық сарапшылар), жұмыс берушілердің өкілі, студент және халықаралық сарапшы кіреді;

- топтың құрамы туралы ақпарат сыртқы аудит басталғанға дейін білім беру ұйымының назарына жеткізіледі. Білім беру ұйымында сарапшылардың қайсыбірінің ықтимал біржақтылығына күдік туындаған жағдайда, білім беру ұйымы жазбаша дәлелді түсіндірмені қоса бере отырып, сарапшыны ауыстыру туралы Орталыққа жүгінуге құқылы;

- сарапшылар тобы өзін-өзі бағалау материалдарымен танысады, ЖОО-ға барады және сыртқы аудитті жүргізеді, сыртқы бағалау туралы есепті қалыптастырады, оны Орталыққа ұсынады;

- институционалдық аккредиттеу кезінде білім беру ұйымының сыртқы аудитін жүзеге асыру 3 күн ішінде, мамандандырылған аккредиттеу - 2 күн ішінде жүргізіледі;

- Білім беру ұйымына бару жөніндегі есеп пен ұсынымдарды сыртқы сарапшылар аудит басталған сәттен бастап 2 аптадан аспайтын уақыт ішінде жасайды және топ басшысы немесе хатшысы оны Орталыққа жібереді;

- АТҚО егер болған жағдайда, ұсақ фактологиялық дәлсіздіктерді жою мүмкіндігі үшін сарапшылар тобының ЖОО қызметін бағалау бойынша алған есебін білім беру ұйымына жібереді;

- егер жекелеген дәлсіздіктер болса, білім беру ұйымы қажет болған жағдайда сыртқы аудит туралы қорытынды есепке шағын түзетулер енгізуге құқылы.

Сыртқы бағалау өзін-өзі бағалау туралы есепте ұсынылған ақпараттың ұйымдағы істердің нақты жай-күйіне сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі. Білім беру ұйымына бару негізінде сарапшылар тобы Аккредиттеу кеңесі үшін оқу орнын аккредиттеу туралы ұсынымдар әзірлейді.

Аккредиттеудің тәуелсіз Қазақстандық орталығы сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесіне ерекше назар аударады, жоғары оқу орындарының өзін-өзі бағалау есептерінің сараптамалық қорытындысын дайындауға қатысатын сарапшылар, сыртқы аудит сарапшылары және Орталық үйлестірушілерінің қызметі үшін сапаны бағалау нысандары әзірленген.


3-ші кезең. 

- Орталық өзін-өзі бағалау жөніндегі материалдарды және сыртқы аудит жөніндегі есепті зерделегеннен кейін Аккредиттеу кеңесіне қорытынды дайындайды.

- Аккредиттеу кеңесінің отырысында аккредиттеу жөніндегі материалдарды қарау;

- Аккредиттеу кеңесінің шешім қабылдауы.

- аккредиттелген жоғары оқу орындарына/білім беру бағдарламаларына аккредиттеу туралы куәлік дайындау.

- №2 /№3 тізілімге енгізу үшін институционалдық/мамандандырылған аккредиттеу туралы шешімдерді ҚР БҒМ-ге жолдау.

АТҚО барлық аккредиттелген ЖОО-дары мен білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізеді және http://www.nkca.kz сайтында жариялайды.


4-ші кезең.

Аккредиттеуден кейінгі мониторинг:

- ЖОО-мен аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу бойынша шарт жасасу.

- ЖОО-ның аккредиттеуден кейінгі кезеңдегі өзгерістер, жақсартулар бойынша жұмыс, сондай-ақ аккредиттеу бойынша ұсынымдармен жұмыс жөніндегі іс-шаралар жоспарын алу және келісу.

- аккредиттеуден кейінгі мониторинг бойынша есепті алу және талдау.

- аккредиттеуден кейінгі кезеңде ЖОО-ның жұмысын тексеру үшін үйлестірушіні және бір сарапшыны ЖОО-на жіберу.

- Аккредиттеу кеңесіне өзгерістер, жақсартулар туралы, сондай-ақ ЖОО-нда аккредиттеу бойынша ұсынымдарды орындау туралы қорытынды дайындау.