Студенттердің аккредиттеу процестеріне қатысуы

Аккредиттеудің тәуелсіз Қазақстандық орталығы ЖОО-дарының, колледждердің білім алушыларын білім беру ұйымдары мен олардың білім беру бағдарламаларын сыртқы бағалау процестеріне белсенді түрде қатысуға тартады.

АТҚО білім беру ұйымдарын аккредиттеу шеңберінде Сыртқы бағалауды (аудитті) ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес аккредиттеу жөніндегі түпкілікті шешімді қабылдайтын Аккредиттеу кеңесінің, сыртқы аудит жөніндегі сараптама топтарының құрамында Орталықтың институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімдеріне сарапшы-студенттер міндетті түрде қатысады.

Сарапшы-студент, сыртқы аудит тобының мүшесі аккредиттеу кезінде өз көзқарасы бойынша баға бере отырып, аудитті орындайды. Ол үшін студент сараптамалық топ жұмысына қатысқанға дейін оның университет деңгейінде, мүмкін болса ұлттық деңгейде: студенттік активтің жұмысында, Студенттер қауымдастығында және т. б. қоғамдық жұмыс тәжірибесі болуы керек.

ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ЖӘНЕ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АКРЕДИТТЕУ РӘСІМДЕРІНЕ САРАПШЫ БОЛАТЫН СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

СТУДЕНТ-ЭКСПЕРТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ОҚЫТУ ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ