Орта білім - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруі нәтижесінде алатын білімі. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 1бап, 49 т.
Бастауыш білім берудің мақсаты мынадай кең ауқымды дағдылардың негіздеріне ие білім алушының тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін құру болып табылады:
1) білімді функционалдық және шығармашылық қолдану;
2) сыни тұрғыдан ойлау;
3) зерттеу жұмыстарын жүргізу;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
5) коммуникацияның түрлі тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды қолдану;
6) топта және жеке жұмыс істей білу.
Негізгі орта білім берудің мақсаты – жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру, жеке тұлғаны қоғамдағы өмірге бейімдеу, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдау және игеру үшін негіз құру, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып.
Жалпы орта білім білім берудің барлық деңгейлеріне ортақ болып табылатын және білім алушының мінез-құлқы мен қызметін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдарлары болуға арналған білім алушыларға ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіруге бағытталған.