«Аккредиттеудің тәуелсіз Қазақстандық орталығы» коммерциялық емес мекемесі (бұдан әрі – Орталық) институционалдық, мамандандырылған аккредиттеу рәсімдерін жүргізу және рейтингтік зерттеу арқылы ұлттық және халықаралық деңгейлерде Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мемлекеттік емес коммерциялық емес мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіндегі ұйым болып табылады. Аккредиттеуді 2019 жылдан бастап жүргізеді.

Орталықтың миссиясы

Білім беру ұйымдарына институционалдық, мамандандырылған аккредиттеу және рейтингтік зерттеулер рәсімдерін пайдалана отырып, білім берудің барлық деңгейлерінің және қосымша білім берудің бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім беру сапасын қамтамасыз етудің тиімді жүйесін және басқару жүйелерін құруға жәрдемдесу.

Орталық қызметінің мақсаты

Аккредиттеу рәсімдерін жүргізу арқылы ұлттық және халықаралық деңгейде білім беру сапасын арттыру.

Орталықтың міндеттері

1. Білім беру ұйымдарында институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуді ұйымдастыру және жүргізу

2. Білім беру ұйымдарында институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімдерін жүргізуді ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету

3. Аккредиттеу стандарттары мен критерийлерін, институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу

4. Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде сыртқы аудиттер жүргізу

5. Академиялық сарапшылар, жұмыс берушілер мен білім алушылар үшін оқыту семинарларын ұйымдастыру және өткізу, сарапшылар бойынша деректер базасын құру

6. Білім беру ұйымдарын институционалдық және/немесе мамандандырылған аккредиттеуден кейін кезекті рәсімдерді жүргізу, білім беру бағдарламалары мен білім беру ұйымдары қызметінің сапасын бағалау нәтижелеріне тұрақты мониторинг жүргізу

7. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, білім беру сапасын тәуелсіз бағалауды жетілдіру үшін білім беру сапасын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін талдау

8. Білім беру сапасын қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, оның ішінде бірлескен халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу

9. Сапаны қамтамасыз етудің халықаралық желілерінің жұмысына қатысу: Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша агенттіктердің халықаралық желісі (INQAAHE), Білім беру сапасына кепілдік беру бойынша еуразиялық желісі, Сапаны қамтамасыз ету бойынша Азия-Тынық мұхит желісі (APQN), Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша еуропалық қауымдастық (ENQA) және т.б.

10. Білім беру сапасын қамтамасыз ету саласында біліктілікті арттыру курстарын, халықаралық, республикалық және өңірлік конференцияларды, семинарларды ұйымдастыру және өткізу

Құндылықтар

Кәсіпқойлық және сапа

Қызметтерді сауатты және тиімді орындау; қызмет сапасына әрекеттерді талдау, тұрақты жақсарту, оқыту және тәжірибе алмасу арқылы қол жеткізіледі

Тәуелсіздік және бейтараптық

АТҚО - тәуелсіз ұйым. Біздің жұмысымыз ашықтық, жариялылық және бейтараптық қағидаттарына негізделген. Қабылданған шешімдер фактілер мен дәлелдерге негізделген

Құрмет пен сенім

АТҚО адамдар мен мекемелердің таңдауын құрметтейді, олардың пікірлерін тыңдайды және жақсартуға көмектесуге ұмтылады

Ынтымақтастық

АТҚО қызметі ұйым ішінде, сондай-ақ Қазақстанда және шетелде мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген

Инновациялар

Білім беру ұйымдарында сапаны жақсартуға оң әсер ететін білім берудегі аккредиттеу процестерін дамыту үшін перспективалы болатын бастамалар мен жаңалықтардың алуан түрлілігі негізінде туындайтын өзекті маңызды және жүйелі түрде өздігінен ұйымдастырылатын жаңалықтарды әзірлеу және енгізу

Құжаттама

"Аккредиттеудің тәуелсіз Қазақстандық орталығы" коммерциялық емес мекемесінің

ҰБО-ның 2023-2027 жылдарға арналған Даму стратегиясы

ҰБО мемлекеттік тіркеу туралы анықтама