Қазақстандағы Жоғары Білім. Болон процесінің принциптерін жүзеге асыру
Білім беру Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесі реформалаудың бірқатар кезеңдерінен өтті:
1-кезең - 1991-1999 жж. бастап жоғары білім берудің жаңа құрылымының қалыптаса бастауы (мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының пайда болуы, нормативтік, заңнамалық базаның құрылуы);
2-кезең - 2000-2004 жж. – жоғары білім беру жүйесін жаңғырту және білім беру процесінің нысандарын жаңарту;
3 кезең - 2005-2010 жылдар аралығында кадрларды даярлаудың көп деңгейлі жүйесіне (бакалавр – магистр - PhD докторы) біртіндеп көшу және білім беру мазмұнын жаңарту.
2011 жылдан бастап жоғары оқу орындарының жаңа жіктемесі енгізілді: ұлттық зерттеу университеті, ұлттық жоғары оқу орны, зерттеу университеті, университет, академия, институт (тек жоғары білім беру бағдарламалары) және оларға теңестірілгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище).
19 млн. халқы бар Қазақстанда бірқатар оңтайландырулар нәтижесінде 2001 жылмен салыстырғанда 2021 жылы 185 ЖОО-ның 128-і жұмыс істейді, оның ішінде 29 мемлекеттік ЖОО, 55-і жекеменшік, 11 ұлттық, 1 халықаралық ЖОО, 1 автономды ұйым (Назарбаев Университеті), 17 акционерлік қоғам және 14 азаматтық емес ЖОО бар.
Қазақстандағы Жоғары Білім. Болон процесінің принциптерін жүзеге асыру