2024 жылдың 6-8 қараша күндері Еуропалық жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету ассоциациясы (ENQA) «АТҚО» қызметін мақсатты бағалау жөніндегі шараны өткізді. ENQA сараптамалық тобы «АТҚО» Еуропалық білім кеңістігінің жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету стандарттары мен нұсқаулықтарына сәйкестігін тексерді. Бағалау барысында ENQA сараптамалық тобы «АТҚО» басшылығымен және қызметкерлерімен, сондай-ақ Аккредиттеу, Бақылау, Сараптамалық кеңестерінің мүшелерімен және Апелляция және шағымдарды қарау комиссиясымен кездесулер өткізді. Сонымен қатар, бағалауға жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен өкілдері, студенттер қатысты.
[[https://www.enqa.eu/review-database/partial-review-of-ikca-2024/#:~:text=The%20Independent%20Kazakhstan%20Center%20of,Quality%20Assurance%20in%20the%20EHEA.] (Partial review of IKCA (2024))