13-14 желтоқсанда «Тәуелсіз Қазақстан аккредиттеу орталығы» коммерциялық емес мекемесінің сарапшылары Қазақ ұлттық хореография академиясының 7М02105 – Өнер менеджменті білім беру бағдарламасына мамандандырылған аккредиттеу аясында сыртқы аудит жүргізді.
Аудит бағдарламасына сәйкес Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының арт-менеджмент және продюсерлік кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Молдашева Анар Қуанғалиқызы, халықаралық сарапшы, Бубусары Бейшеналиева атындағы Қырғыз мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің оқу жұмыс жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Тулобердиев Қалыбек Кемелұлы, сондай-ақ осы бағдарламаның бейіні бойынша жұмыс берушілер мен студенттердің өкілдері сараптамалық топ құрамында болған сарапшаылар Академияның тамаша материалдық-техникалық базасын, көп деңгейлі білім беру процесінің болуын жоғары бағалады, ұлттық хореография академиясының бейіндік магистратурасында білім беру процесін одан әрі жетілдіру үшін бірнеше пайдалы ұсыныстар берді.