2024 жылы 26-27 тамызда Бішкек қаласында "Аккредиттеудің Тәуелсіз Қазақстандық орталығы" ТМ (бұдан әрі - АТҚО) сыртқы сарапшылар үшін "Қырғыз Республикасының Білім беру ұйымдарында институционалдық және бағдарламалық аккредиттеуді ұйымдастыру және өткізу" тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Семинардың мақсаты - білім берудің барлық сатыларын институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу рәсімдерін өткізуге қатысу үшін АТҚО тәуелсіз сарапшыларын оқыту және дайындау. Семинар жұмысына жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру; бастауыш, орта кәсіптік білім беру; бастауыш, негізгі және орта жалпы білім беру, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Семинар модераторы - Қырғыз Республикасындағы АТҚО филиалының басшысы Иманалиева Эльмира Сансызбайқызы. Семинардың ашылуында АТҚО директоры Халмуратов Бегалы Оразалыұлы құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде АТҚО қызметі, жетістіктері мен болашағы туралы айтты. Семинар жұмысына АТҚО Аккредиттеу Кеңесінің Халықаралық мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, Жоғарғы Силезия экономикалық университетінің профессоры В. Корфантего, Катовице қ., Польша -Дырка Стефан қатысты. Өз сөзінде АТҚО Аккредиттеу кеңесінің жұмысы, сарапшылар қызметінің ерекшеліктері туралы айтты. Қырғыз Республикасындағы АТҚО өкілі Абдурехменова Асылгүл Барықтобасқызы аккредиттеу рәсімін жүргізуге қойылатын жаңа ережелер мен талаптарды айтып, барлық сарапшыға табысты, жемісті жұмыс тіледі. Пленарлық бөлімнің, сондай-ақ секциялардың жұмысын семинар спикері, әдіснама, мониторинг және сапаны қамтамасыз ету департаментінің директоры Сыздыков Ерке Қалиакбарұлы, сондай-ақ бөлім басшысы Оразалиева Әсел Бегалықызы жалғастырды. Келесі мәселелер қарастырылды: