Халықаралық аккредитация ENQA

2-4 қараша аралығында Аккредиттеудің тәуелсіз Қазақстандық орталығында жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастығының (ENQA) сарапшылық тобымен АТҚО халықаралық аккредитациясы аясында ENQA толық мүшелікті алу және танылған аккредиттеу агенттіктерінің еуропалық тізіліміне (EQAR) қосылу үшін сыртқы аудит жүргізілді.

1.jpg

Еуропалық комиссияның құрамына жоғары кәсіби сарапшылар кіреді: сараптамалық топтың төрағасы, Эстония аккредиттеу агенттігінің директоры Хели Маттисен, топ хатшысы - Мария Гулд, QQI жоғары білім беру мониторингі және талдау департаментінің басшысы, сарапшылр - Паоло Черубини, Милан-Бикокко университетінің профессоры, Еуропалық студенттер одағының мүшесі, Болгариядан келген докторант Станимир Бояджиев. Сарапшылардың жұмысын ENQA шолу бөлімінің басшысы Горан Дакович үйлестірді.

2.jpg

Үш күн ішінде сарапшылық топ АТҚО-ның басшылығымен және қызметкерлерімен, оның ішінде аймақтық өкілдермен, Бақылау кеңесінің, Аккредиттеу кеңесінің мүшелерімен, Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдерімен, АТҚО аккредиттелген білім беру ұйымдарының басшыларымен, АТҚО-ның сарапшыларымен, оның ішінде сарапшылар-жұмыс берушілердің өкілдері және сарапшылар-студенттермен қарқынды сұхбаттар жүргізді, АТҚО-ның іргелі құжаттарын зерделеді.

3.jpg

Сыртқы аудиттің соңында сараптамалық топ АТҚО-ның елеулі жетістіктерін, мүдделі тараптардың АТҚО-ның қызметіне жоғары баға бергенін атап өтіп, АТҚО қызметін жақсарту бойынша пайдалы ұсыныстарды жария етті.

4.jpg