«Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету: жай-күйі және даму перспективалары» Форумы

29 қаңтарда 2024 жылғы «Тәуелсіз Қазақстандық Аккредиттеу орталығы» КММ өкілдері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім сапасын қамтамасыз ету комитеті ұйымдастырған «Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету: жай-күйі және даму перспективалары» Форумына қатысты. Форум Л.Н.Гумелов атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында өтті. Форумға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ректорлары, проректорлары, «Атамекен» және еуропалық сапаны қамтамасыз ету тіркелімінің (EQAR) өкілдері, аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері, диссертациялық кеңестердің төрағалары, ғылыми журналдардың бас редакторлары қатысты Іс-шара аясында 3 тақырыптық сессия өткізілді: «Жоғары білім сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесін баптау», «Ғылыми кадрларды даярлауды жетілдіру», «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру». Сессия барысында жоғары білім сапасын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

b5fe8e0f-9816-42fd-a7d1-02b0887e5021.jpg

WhatsApp Image 2024-01-30 at 10.58.28.jpeg

WhatsApp Image 2024-01-30 at 10.58.29 (1).jpeg

WhatsApp Image 2024-01-30 at 10.58.29.jpeg

WhatsApp Image 2024-01-30 at 10.58.30.jpeg

WhatsApp Image 2024-01-30 at 10.58.42.jpeg