«Жоғары оқу орындарын институционалдық аккредиттеу шеңберінде сыртқы сараптама тобының есебін орындау»семинары

2024 жылғы 16 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстандық Аккредиттеу орталығы» мекемесі жоғары оқу орындарын институционалдық аккредиттеу шеңберінде сыртқы сараптамалық топ үшін оқыту семинары өткізілді. Семинардың мақсаты барлық бағалау критерийлері бойынша әрбір стандартты кешенді талдауға БҚО сарапшыларын оқыту болып табылады. Семинардың модераторлары: аккредиттеу департаментінің директоры - Сембаева Әйгерім Жұмкенқызы, әдіснама, мониторинг және сапаны қамтамасыз ету департаментінің директоры - Сыздықов Ерке Қалиақбарұлы, әдіснама, мониторинг және сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас сарапшысы - Дәулетханова Жанар Дәулетханқызы. Семинар сессиялары тақырыптар бойынша интерактивті түрде өтті:

  1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді институционалдық аккредиттеуді жүргізуді ұйымдастыру. Стандарттар мен олардың өлшемдеріне сәйкестігін бағалау жүргізілетін негізгі нормативтік құқықтық актілер.
  2. Институционалдық құрылымдарды талдау. Стратегиялық басқарудың тиімділігі
  3. Сапаны басқарудың ішкі процестерінің өзектілігі және шешім қабылдау мен стратегиялық басқаруда нәтижелерді пайдалану дәрежесі, сондай-ақ осы ішкі механизмдердегі болжамды олқылықтар. Ресурстар
  4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді сыртқы бағалау жөніндегі есептің құрылымы мен мазмұны. ҰБОА аккредиттеу стандартын қарау. Кездесуге қатысушылар әр Стандарттың сәйкестігін сипаттау тәртібін зерделеді, білім беру бағдарламаларының сапасын жетілдірудің өзекті мәселелерін қарастырды, аккредиттеу мәселелері бойынша пікір алмасты, білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар мен тілектер айтты.

WhatsApp Image 2024-05-23 at 12.25.08.jpeg

WhatsApp Image 2024-05-23 at 12.25.07.jpeg